Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері icon

Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері




НазваниеЖеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері
Дата01.12.2012
Размер51.6 Kb.
ТипДокументы
источник

Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері


Жеңіл атлетика сабағында бастыкөңіл аударатын мәселе – жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік. Сондықтан да мұғалім де, оқушылар да барлық жабдықтар мен снарядтардың жарамдылығы мен қауіпсіздігін мұқият қадағалауы қажет.

Жеңіл атлетика сабақтарында мынандай қауіпсіздік ережелері сақталуы керек:

  1. Дене шынықтыру және спортпен шұғылданған кезде табаны резеңке аяқкиім кию керек.

  2. Қысқа қашықтықтарда тек қана өз жолымен жүгіру қажет. Жүгіріп келе жатып , кілт тоқтауға болмайды.

  3. Ойлы-қырлы жерлерде кездескен кедергілерден (тас, құлаған ағаш, бұта, төмпешек, т.б.) аспай-саспай өтуді есте сақтаған жөн.

  4. Жүгіру секіру, лақтыру алаңдарын (секторларын) көлденең кесіп өтуге рұқсат етілмейді.

  5. Тырма мен күректі сабақ өтілетін жерде қалдыруға болмайды. Тырма, күректі, т.б. жабдықтардың үшкір жағын (жүзін) төмен қаратып қою керек.

  6. Спорт құралдарын лақтырғанда (гранат, диск, найза), серпігенде (ядро), лақтыру, серпу бағытында адамның болмауын қадағалап, бақылап алу қажет.

  7. Ұзындыққа, биіктікке секірер алдында шұңқырдағы құмды қопсытып алу керек.

  8. Лақтырушының оң жағында тұруға, құралдарды рұқсатсыз алуға болмайды.

  9. Серпіген ядроны қағып алуға болмайды және серпіген кезде жерге түсіріп алудан сақтану керек.

10.Жауын-шашынды күндері лақтыратын құрал-жабдықтарды мұқият сүртіп, құрғатқаннан кейін пайдалану қажет.

Оқушыларға алаңды сағат тіліне қарама-қарсы айналып, бір бағытта жүгіруге рұқсат етіледі; ұзындыққа секіргенде, алдыңғы секіруші секіретін шұңқырдан кеткеннен кейін ғана келесі бала секіре алады; екпін алып биіктікке секіргенде, сол және оң жақтан екпін алып жүгіру кезегін сақтау қажет; допты және гранатты лақтырар уақытта, жаттығушыларды екі топқа бөліп, қарама-қарсы тұрғызуға тіпті де болмайды, доптар мен гранаттарды жинау пәрмен арқылы ғана жүзеге асырылады.

Салқындау ауа райы жағдайында (+150-тан төмен болса) жеңілдеу жаттығу костюмін кию қажет болады. Кроссовка немесе кеды – жеңіл атлетика үшін ең ыңғайлы аяқкиімдер.


^ Дала жарысы (кросс)


Кроспен айналысу төзімділікті қалыптастырады, шыдамдылыққа тәрбиелейді, күнделікті тіршілік үшін, оқу үшін, спорт үшін болашақта әскер қатарында қызмет ету үшін өте маңызды ерік-күшті дамытады.

Әрбір оқушы жүгіру барысында, әсіресе күз бен қыста өзінің жүгіру күйіне назар аударуы қажет. Тіпті салқын тиіп , жеңіл сырқаттанғанның өзі организмнің науқасқа қарсылығын төмендетеді, жағдайдың қиындау себебіне айналады

Дала жарысы дегеніміз – табиғи ойлы-қырлы жерлермен жүгіру. Жүгіргенде мыналар есте болу керек: шөбі жоқ тегіс жерлермен (соқпақтармен, жолдармен) жүгіргенде, өткен сыныптарда айтылғандай тәсілдермен жүгіру қажет. Қатты жерде, мысалы, асфальт жолда жүгірумен көп айналысқанда, сирақ еттерінің ауырғаны білінеді. Қатты жолда жүгіру жалпақ табанды балалар үшін қиын. Сол себепті, жүгірудің көп бөлігін онша қатты емес жерде өткізу керек. Бұлшық еттер мен буындарға артық күш түссе, мұның өзі елеулі ауруға себепші болады. Қашықтықта кездесетін түрлі табиғи кедергілерден өтерде ерекше мұқияттылық қажет. Аяқ жерге сәтсіз тисе, тізе буындарының, тобықтың зақымдануы немесе өзге де жарақаттар алып қалуы мүмкін.

Қалың шөп өскен жермен жүгіргенде, аяқты шұңқырға, тесікке тығып алмас үшін алға мұқият қарау керек. Дененің тұрақты қалпын сақтау үшін аяқты өкшеден басып ұшына қарай аудару қажет. Қалай болғанда да аяқты жерге «тырпылдатып» баспай, жұмсақ басу керек.

Қыратқа, дөңнің баурайына көтерілерде, аяқтың ұшымен жүгіреді, кеудені ілгері еңкейтеді. Қол қозғалысқа белсенді түрде көмек беруі керек, қозғалыс кезінде оны ілгері жоғары ұмсындырады. Тік беткейге жүгіріп шығу қиын, сондықтан да жүрісе ауысып және тік немесе қиғаш жүрген дұрыс. Қыраттан түсерде шапшаңдық жылдам артады, алайда оны азайту қажет, өйткені күшті екпін алғанда, аяқ тепе-теңдікті сақтай алмай, жүгіруші құлауы мүмкін. Кеудені кейін шалқайтқан дұрыс. Тіп-тік қырдан түскен жақсы. Жайпауыт немесе шамалы ғана тіктеу қырдан шапщаңдықты азайтпай-ақ түсуге болады, бірақ адым қысқа болсын. Баурайдағы тегістеу жерден жүгіріп түсуді екпін алу үшін пайдалануға болады. Қыраттан түсерде аяқты өкшемен басу қажет. Биік өскен шөптің бетімен жүгіргенде, аяқты жоғары көтереді, терең емес судан өткенде де осылай, тек адымның арасын шағын етіп жүгіру керек. Тереңдеу сулардан адымдап, жай жүріп өту керек.


^ Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелері


Баскетбол – бәсекелестік ойыны, өйткені спорттық сайыс кезінде қарсыластар бір-бірімен бәсекеге түседі. Даярлықтың жетіспеушілігі тәртіпсіздікпен тепе-тең деуге болады. Өйткені соның салдарынан жарақат алынады: саусақты қайырып алу, буынды созып алу, т.б. Жарақаттардың алдын алу үшін төмендегідей бірқатар жағдайларды есте сақтаған жөн:



  • мұғалімнің рұқсатынсыз немесе мұғалімсіз, доппен залға кіруге болмайды;




  • баскетбол қалқанының астында отыруға болмайды;




  • допты қағып аларда бас бармақты допқа қарсы бағыттауға болмайды;




  • ойыншылардың ойын кезінде бір-біріне ұстауына, дөрекі қылық жасауына жол берілмейді;




  • жаттығуларды орындауды ұйымдастыру барысында қойылатын бірыңғай талаптарды дәл орындау керек: сапқа тұру, сапты өзгерту, қарсы қимылдар мен жеке бәсекелестік мөлшері, т.б;




  • алдын ала қыздырыну жаттығуларынсыз доппен жылдамдық жаттығуларына кірісуге болмайды, әсіресе жаттығулар арасындағы көп уақыттық үзілістен кейін тіпті де болмайды;




  • сабақ басталар алдында оқушылар алқа, сақина, сағат, сырға және т.б. жарақат алуға мүмкіндік тудыратын заттарды шешіп, қыз балалар шаштарын түюлері қажет. Қауіпсіздікті сақтау үшін дене тәрбиесі сабағына тиісті спорт киімдерімен ғана қатысу қажет.



^ Гимнастика сабақтарындағы қауіпсіздік ережелері



  • денені қыздырып алмай күрделі жаттығуларды орындауға болмайды;




  • гимнастикалық құрал-жабдықтарда тек қана мұғалімнің көмегімен жаттығу керек;




  • жүгіріп келіп секіретін жолда және секіріп түсетін орында тұруға болмайды;




  • секіріп түсетін орынға гимнастикалық төсеніш (маты) төсеу қажет;




  • спорт жабдықтарынан (ат бөрене, гимнастикалық қабырға) секіргенде, жерге міндетті түрде екі аяқпен түсу керек;




  • бірінің артынан бірі жүріп келе жатқан кезде және жаттығу орындау барысында арақашықтық қатаң сақталсын;




  • гимнастикалық құрал-жабдықтардың қолдануға жарамдылығын анықтап алу қажеттігін ұмытуға болмайды. Құрал-жабдықтардың таза болуын, тот баспауын қадағалап отыру керек. Снарядтардың бекітілуі мұқият тексерілсін;




  • арқын бойымен жоғарыдан төмен түскенде, екі қолмен ұстап, екі аяқпен демеп, асықпай түсу керек;




  • гимнастика сабағында міндетті түрде арнаулы киім кию қажет екенін ұмытуға болмайды;




  • гимнастикалық таяқшамен немесе секіртпемен жаттығу орындағанда, оларды жақын тұрған балаларға тигізіп алмауды қатты ескеру керек.



Похожие:

Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері iconПеречень вступительных испытаний по направлениям подготовки и специальностям
Спортивные дисциплины (легкая атлетика, гимнастика), обществознание, русский язык
Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері iconНаправления деятельности Возрастная категория детей
Голубев Н. Н. в отдельном виде спорта: лыжи, лёгкая атлетика, офп, спортивное ориентирование и техника туризма
Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері iconБилет №1 Баскетбол. Легкая атлетика: прыжок в длину с разбега способом «согнув ноги» Комплекс упражнений ежедневной утренней гимнастики. Билет №2

Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері icon2012-2013 учебный год II муниципальный этап Всероссийских спортивных игр школьников "Президентские спортивные игры" лёгкая атлетика
Озеленение школьных кабинетов и рекреаций и создание экологического фитодизайна, участники
Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері iconУрок физической культуры Тема : «Лёгкая атлетика. Народные игры» Уварова Т. В., учитель начальных классов моу «сош №1 с углубленным изучением отдельных предметов»
Закрепление навыков игры в русских народных играх: «Горелки», «У медведя во бору»
Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері iconСущностные характеристики методической системы учителя физической культуры и особенности ее становления
Целью методической разработки является внедрение новых методов работы по совершенствованию технической подготовленности учащихся...
Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері icon«президентские спортивные игры» 1 вид: лёгкая атлетика (средняя возрастная группа)
Борисоглебский состоялся 2-й муниципальный этап Всероссийских соревнований школьников "Президентские спортивные игры" по лёгкой атлетике...
Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері iconТематическое планирование 6 класс Общее количество часов на 2011-2012 учебный год 102ч Общее количество учебных часов на I четверть 26
Знать: Легкая атлетика: Терминология легкой атлетики. Правила и организация проведения соревнований по легкой атлетике. Техника безопасности...
Жеңіл атлетика сабағындағы қауіпсіздік ережелері iconРайонные соревнования: 1 четверть Легкая атлетика «Осенний кросс»
Комков Павел I место среди юношей10-11 классов Глушков Антон II место среди юношей 10-11 классов, Гасан Ольга II место среди девушек...
Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©lib3.podelise.ru 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Лекции
Доклады
Справочники
Сценарии
Рефераты
Курсовые работы
Программы
Методички
Документы

опубликовать

Документы