Алаш қОЗҒалысының соңҒы түйіні – МҰстафа шоқАЙ icon

Алаш қОЗҒалысының соңҒы түйіні – МҰстафа шоқАЙ




Скачать 123.16 Kb.
НазваниеАлаш қОЗҒалысының соңҒы түйіні – МҰстафа шоқАЙ
Дата02.01.2013
Размер123.16 Kb.
ТипДокументы
источник
1. /А. Байт?рсыновты? шы?армалары реферат.doc
2. /А.??нанбаев, Ш.??дайбердиев, М.?уезов шы?армаларында?ы педагогикалы? идеяларды?... реферат .doc
3. /А.Байт?рсынов - ?аза? ?дебиеттану ?ылымыны? атасы реферат .doc
4. /А.Байт?рсынов - ?аза? т_лтану ?ылымыны? атасы реферат .doc
5. /А.Байт?рсынов реферат.doc
6. /А.Коменскийд_? педагогикалы? к?з?арастары реферат ].doc
7. /А.С.Макаренконы? ?м_р_ мен педагогикалы? ?ызмет_ реферат .doc
8. /А? Орда-Но?ай Ордасы кезе?_ндег_ ?аза?стан реферат [www.topreferat.kz].doc
9. /А?ан сер_ ?орамса?лы реферат [www.topreferat.kz].doc
10. /А?жан ?л-Машани реферат [www.topreferat.kz].doc
11. /А?и?аттан адасуды? азабы реферат [www.topreferat.kz].doc
12. /А?тамберд_ жырау реферат [www.topreferat.kz].doc
13. /А?ша ?аражаттары реферат [www.topreferat.kz].doc
14. /А?ша ?аражаттарыны? ?оз?алысы туралы есептер реферат [www.topreferat.kz].doc
15. /А?ша айналысы ж?не а?ша ж?йес_ реферат [www.topreferat.kz].doc
16. /А?ша саясаты реферат [www.topreferat.kz].doc
17. /А?ша т?с_н_г_ реферат [www.topreferat.kz].doc
18. /А?ыбай батыр ?о?ырбай?лы реферат [www.topreferat.kz].doc
19. /А?ылшын абсолютизм_ реферат [www.topreferat.kz].doc
20. /А?ын-жыраулар мен билерд_? шешенд_к с?з ?нер_ндег_ т?л_м-т?рбиел_к ойлар реферат [www.topreferat.kz].doc
21. /А?ыт ?ажыны? Жи?анша? дастанында?ы Ша?зада бейнес_ реферат [www.topreferat.kz].doc
22. /Абай ??нанбаевты? Евгений Онегиннен аудармасы реферат .doc
23. /Абай жолы романында?ы тарихи шынды? эволюциясы реферат .doc
24. /Абайды? ?д_летт_л_к _л_м_не шолу реферат .doc
25. /Абайтанушы ?алым ?айым М?хаметхан?лы реферат [www.topreferat.kz].doc
26. /Абайша с?й_п, Абайша к?й_п ж?рм_з бе реферат [www.topreferat.kz].doc
27. /Абыл Т_леу?лы реферат [www.topreferat.kz].doc
28. /Абылай хан реферат [www.topreferat.kz].doc
29. /Авиация реферат [www.topreferat.kz].doc
30. /Агро?нерк?с_п кешен_ реферат [www.topreferat.kz].doc
31. /Адамгерш_л_к м?дениет_ реферат [www.topreferat.kz].doc
32. /Адамзат ?о?амыны? эволюциясы реферат [www.topreferat.kz].doc
33. /Адамны? тарихи дамуында?ы биологиялы? ж?не ?леуметт_к факторлар реферат [www.topreferat.kz].doc
34. /Адастырушы д_ни а?ымдар реферат [www.topreferat.kz].doc
35. /Адольф Дистервегт_? педагогикалы? ?ызмет_ мен теориясы реферат [www.topreferat.kz].doc
36. /Азаматты? ???ы? объект_лер_ реферат [www.topreferat.kz].doc
37. /Азаматты? ?арым-?атынас ??жаттары реферат [www.topreferat.kz].doc
38. /Азатты? жырыны? а?та?гер_ (Дулат Бабатай?лы шы?армашылы?ы) реферат [www.topreferat.kz].doc
39. /Азот реферат [www.topreferat.kz].doc
40. /Ай?ап журналында?ы о?у-т?рбие м?селелер_ реферат [www.topreferat.kz].doc
41. /Айды? таби?ат?а ж?не т_рш_л_кке тиг_зет_н ма?ызы реферат [www.topreferat.kz].doc
42. /Айналайын, Атаж?ртым реферат [www.topreferat.kz].doc
43. /Айша ?алымбаева - ?аза? суретш_с_ реферат [www.topreferat.kz].doc
44. /Ал?аш?ы ?аза? газеттер_н_? тарихы реферат [www.topreferat.kz].doc
45. /Алаш ?айраткерлер_ ж?не ?аз_рг_ т_л м?селес_ реферат [www.topreferat.kz].doc
46. /Алаш ?оз?алысы ж?не Атбасар ??_р_ реферат [www.topreferat.kz].doc
47. /Алаш ?оз?алысы ж?не Нармамбет Орманбет?лы реферат [www.topreferat.kz].doc
48. /Алаш ?оз?алысыны? со??ы т?й_н_ - М?стафа Шо?ай реферат [www.topreferat.kz].doc
49. /Алаш арыстары ж?не ?дебиет реферат [www.topreferat.kz].doc
50. /Алаш идеясы - ?аза? идеясы реферат [www.topreferat.kz].doc
51. /Алаш идеясы ж?не халы?аралы? ?аза? т_л_ ?о?амы реферат [www.topreferat.kz].doc
52. /Алаш м?раты - отанды? б_л_м мен ?ылымды нег_здеуш_ к?ш реферат [www.topreferat.kz].doc
53. /Алаш т?л?аларыны? к?з?арасында?ы ?ндест_к реферат [www.topreferat.kz].doc
54. /Алаш та?ылымы ж?не ?аз_рг_ ?аза? руханияты реферат [www.topreferat.kz].doc
55. /Алаш философиясы ?лем ?аза?тары м?дениет_н_? контекс_нде реферат [www.topreferat.kz].doc
56. /Алашорда ?к_мет_ ж?не мемлекетт_ т_л саясаты реферат [www.topreferat.kz].doc
57. /Алашты? Астанасы ж?не ?лтты? идея реферат [www.topreferat.kz].doc
58. /Алашты? алдаспаны реферат [www.topreferat.kz].doc
59. /Алашты? жолы реферат [www.topreferat.kz].doc
60. /Алматы ?аласы экологиясы реферат [www.topreferat.kz].doc
61. /Алпамыс батыр дастаныны? зерттелу_ реферат [www.topreferat.kz].doc
62. /Алпамыс батыр жырын о?ыту ж?не т?рбие ж?мыстары реферат [www.topreferat.kz].doc
63. /Алтын ?а?па интеллектуалды? ойыны реферат [www.topreferat.kz].doc
64. /Алтын Орда д?у_р_ндег_ ?аза?стан реферат [www.topreferat.kz].doc
65. /Алтын Орда реферат [www.topreferat.kz].doc
66. /Алтын адам?а тере?_рек ??_лсек реферат [www.topreferat.kz].doc
67. /Алтын ж?лге реферат [www.topreferat.kz].doc
68. /Алфавит - рухани б_рл_к нег_з_ реферат [www.topreferat.kz].doc
69. /Ана - т_л_м арда?ым ж?не Хош келд_?, Наурыз реферат [www.topreferat.kz].doc
70. /Антикризист_к бас?аруда?ы ?а?ты?ыстар механизм_ реферат [www.topreferat.kz].doc
71. /Ар жа?та д?мб_рлеген Арын?азы реферат [www.topreferat.kz].doc
72. /Ар т?зейт_н б_р ?ылым реферат [www.topreferat.kz].doc
73. /Ар?алы? батыр жырыны? н?с?алары реферат [www.topreferat.kz].doc
74. /Арабия реферат [www.topreferat.kz].doc
75. /Арал ??_р_н_? т?рл_ су к?здер_ мен топыра?ты? ластану... реферат [www.topreferat.kz].doc
76. /Арал те?_з_ реферат [www.topreferat.kz].doc
77. /Аралбай О??арбек?лы реферат [www.topreferat.kz].doc
78. /Аристотель реферат [www.topreferat.kz].doc
79. /Арифметикалы? ж?не геометриялы? прогрессия реферат [www.topreferat.kz].doc
80. /Асан ?ай?ы - дала данышпаны реферат [www.topreferat.kz].doc
81. /Асан ?ай?ы - жырау, данышпан ойшыл реферат [www.topreferat.kz].doc
82. /Асан ?ай?ы туралы а?ыздар реферат [www.topreferat.kz].doc
83. /Астана - ?аза?станны? саяси ер_к-ж_гер_н_? нышаны реферат [www.topreferat.kz].doc
84. /Астана - ?сем ?ала реферат [www.topreferat.kz].doc
85. /Астана - Арнайы экономикалы? айма? реферат [www.topreferat.kz].doc
86. /Астана ?аласы реферат [www.topreferat.kz].doc
87. /Астана ?аласыны? денсаулы? са?тау жа?дайы туралы реферат [www.topreferat.kz].doc
88. /Астана ?аласыны? к?шелер_ реферат [www.topreferat.kz].doc
89. /Астана ?уежайы реферат [www.topreferat.kz].doc
90. /Ата мен ана - бала т?рбиесiнi? ?ам?оршысы, ?негесi реферат [www.topreferat.kz].doc
91. /Атамекен - ?аза? ел_ реферат [www.topreferat.kz].doc
92. /Атлантида Ол ?андай бол?ан реферат [www.topreferat.kz].doc
93. /Атмосфераны? экологиялы? м?селелер_ ж?не оны ?ор?ау реферат [www.topreferat.kz].doc
94. /Атом бомбасы реферат [www.topreferat.kz].doc
95. /Атом ж?не атом ядросы реферат [www.topreferat.kz].doc
96. /Аударматану терминдер_н_? когнитивт_к-семантикалы? ??рылымы реферат [www.topreferat.kz].doc
97. /Аустралия реферат [www.topreferat.kz].doc
98. /Ауыл шаруашылы?ы, даму реферат [www.topreferat.kz].doc
99. /Африка реферат [www.topreferat.kz].doc
100. /Ахмет Байт?рсын?лыны? ?дебиет таныт?ыш е?бег_ ХХ ?асыр басында?ы ?дебиеттану ?ылымыны? контекс_нде реферат [www.topreferat.kz].doc
101. /Ахмет Байт?рсын?лыны? ?м_р_ мен ?ызмет_ реферат [www.topreferat.kz].doc
102. /Ахмет Байт?рсынов ж?не ?аза? терминологиясы реферат [www.topreferat.kz].doc
103. /Ахмет Ж?банов реферат [www.topreferat.kz].doc
Ахмет Байтұрсынұлының шығармалары
Султанова нургуль камильевна
Сарыұлы Ақтамберді (1675 1768)
АҚша қаражаттарының есебі және ақша қаражаттар қОЗҒалысы
7 ias халықаралық қаржы есептілігінің стандарты
Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі «Есеп және қаржы»
Жоспар Кіріспе I. Мемлекеттің ақша-несие саясатының дамуы
Жоспар: І. Кіріспе Ақша түсінігі
Ағылшын абсолютизмі (курстық жұмыс)
АҚЫН–жыраулар мен билердiң шешендiк сөЗ Өнерiндегi тәлiмдiк ойлар
Таңғажайып Рымхан
Абыл тілеулы (1777-1864)
Агроөнеркәсіп кешені
Адамгершілік мәдениеті
Қазақ тіліндегі ресми іс қағаздары Азаматтық қарым-қатынастарды реттейтін құжаттар
Азоттың физикальқ касиеттерь Таза азот — туссіз, иіссіз газ
Айдың табиғАТҚа және тіршілікке тигізетін маңызы д. Ж. Шлмағанбетова Ақтөбе облыстық планетарий, Ақтөбе қ
«Қазақстанды таны» сериясы
Алаш қОЗҒалысының соңҒы түйіні – МҰстафа шоқАЙ
Алаш идеясы – Қазақ идеясы
Алматы қаласының экологиясы
«алпамыс батыр» жырыныњ зерттелуі а. Аманбаева, А. М±ќашева Тараз мемлекеттік педагогикалыќ институты, Тараз қ
З. Д. Көшімбетова Қ. А. Яссауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті Тараз институты, Тараз қ
Сыныптан тыс жұмыс «Алтын қақпа» интеллектуалдық ойыны Сабақтың мақсаты
Қазақстан монғол империясының ҚҰрамында
«Ана тілім – ардағым»
Лекция жоспары
Ар түзейтін бір ғылым табылмаса
1. Сыр және Амудария өзендерінің суларын тиімлі пайдалану
Аралбай Оңғарбекұлы (1854-1914)
Арифметикалық және геометриялық прогрессия
Мамиева бахыткүл октябрьқызы асан Қайғы туралы аңыздар
Астана — Қазақстанның саяси ерік-жігерінің нышаны
Астана әсем қала Бегенаева Ботагоз Жексенбаевна Павлодар сош№23 учитель Казахского языка и литературы
"астана – жаңА Қала" аэа сипаттау
Астананы жасыл оазиске айналдыру
Астана қаласының денсаулық сақтау жағдайы туралы
Астана қаласы Тілдерді дамыту басқармасының тапсырысы бойынша «Руханият» орталығы дайындаған Астана қаласы ономастика комиссиясы мақұлдаған
Атмосфераның экологиялық мәселелері және оны қорғау
§ 1 Резерфорд тәжiрибесi. Атомның ядролық моделi
Қожаева маржан төРЕҒҰЛҚызы
Ресми тілі Ағылшын Астанасы
Елбасы Н.Ә. Назарбаев еліміздің әлеуметтік-экономикалық жағдайлары мен реформаның іске асуын бағалай келе былай деген еді
Аралдарсыз -29,2 млн км
Еркінбаев ұлан оралұлы ахмет Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқыш» еңбегі ХХ ғасыр басындағы әдебиеттану ғылымының контексінде

Әбдіуақап Қара

Тарих ғылымдарының докторы,

профессор, шоқайтанушы (Түркия)

АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ СОҢҒЫ ТҮЙІНІ –

МҰСТАФА ШОҚАЙ



Қазақ халқының таяу заман тарихында ерекше орынға ие Алаш қозғалысының тарихы көбінесе Алаш Орда үкіметінің тарқауымен байланыстырылып 1918 жылға дейін келіп аяқтатылады. Алайда бұл мәселеге тереңнен үңілгенде, оның ауқымының одан әлдеқайда әріде, Мұстафа Шоқайдың күрес тарихымен жалғасып 1940 жылдарға дейін барғанын көреміз.

Алайда, Мұстафа Шоқайдың іс-қимылдарын Алаш Орда қозғалысынан бөлек қолға алу басым болып отыр. Атап айқтанда, Алаш қозғалысы, Алаш Орда үкіметі мен Мұсафа Шоқай, Түркістан автономиясы, Шоқайдың Еуропа елдеріндегі саяси іс-қимылдары көбінесе бір-бірінен тәуелсіз әрекеттер ретінде бағалануда.

Мұның себебі түсінікті. Өйткені Алаш Орда үкіметі және оның жетекшілері туралы зерттеулер, Мұстафа Шоқай туралы зерттеулерге қарағанда көш ілгері болып отыр. Сонымен қатар кеңестік кезеңде тыйым салынған Алаш жетекшілері туралы ақиқаттар қайта құру-жариялылық кезеңінде ақтаңдақ беттер ретінде Шоқайдан бұрын қолға алына бастады. Тіпті олар 1988 жылы Компартияның қаулысымен ақталған да болатын. Осы кезде Шоқай туралы еш нәрсе айтылмады. Шоқай тек Қазақстанның соңғы шындығы ретінде, Алаш қайраткерлерінің ақталуынан екі жыл өткеннен кейін, атап айтқанда 1990 жылдың аяқ шенінен кейін ғана ауызға алына бастады.1 Қазақстанда бұрынғы Кеңестік идеологияның салдарынан Шоқайға сенбей күмәнмен қараушылар қатары күн сайын азайып келе жатса да, әлі де баршылық.

Сонымен бірге Алаш Орда жетекшілері туралы зерттеулерде, олармен Шоқай арасындағы қарым-қатынастар, әсіресе Алаш және Түркістан автономиялары құлағаннан кейін оның жетекшілері Әлихан Бөкейханов пен Мұстафа Шоқай арасындағы байланыстарға жеткілікті назар аударылмауда.2

Міне осы себептерден Шоқайдың Алаш қозғалысымен бірге аталмай жүрген болуы мүмкін.

Көпшілікке белгілі жәйт, Шоқай Петербург университетінде студент кезінен бастап Алаш Орда жетекшісі Бөкейхановпен тығыз байланыста болды. Тіпті Шоқайды саясатқа баулыған Бөкейхановтың өзі десек қателеспеспіз. Демек Шоқай Алаш қозғалысының рухы болып есептелетін Бөкейхановтың саяси шәкірті. Оған қоса Ташкенде, Қоқанда Түркістан автономиясының ішінде жүргеннің өзінде Бөкейхановпен байланыста болып жүрді. Олай болса, Шоқай шетелдерге шыққаннан кейін Алаш идеяларын ұстанбай жүре ала ма? Әрине жоқ. Ол заңды түрде Алаш мақсаттарын орындап жүрді. Тіпті оның мақсат-мүдделерін одан әрі дамытты десек артық айтқандық бола қоймас.

Бұл тұрғыда Шоқай, Алаш қозғалысының жалғасы деген пікірге қосылмайтындардың мынадай пікірлерді алға тартуы мүмкін.

«Шоқайдың Еуропа елдерінде ұстанған басты екі мақсаты бар еді. Біріншісі – тәуелсіздік, екіншісі – бір тұтас Түркістан идеясы, яғни Түркістан одағы.

Ал Алаш көсемдері болса автономия пікірін жақтады және әсіресе Бөкейханов өзге Түркістан халықтарымен, өзбектермен одақтасуға қарсы болды. Оның орнына Сібір үкіметімен одақтасуды жақтады. Мұндай арада үлкен пікір айырмашылығы болған екі әрекетті қалайша бір-бірінің жалғасы деп айтамыз».

Дұрыс, Бөкейхановтың кезінде, атап айтқанда, «Қазақ» газетіне 1917 жылы қазан айында жазған бір мақаласында былай деп атап өтеді: «Біз Түркістанмен діндес, туысқанбыз. Автономия болу – өз алды мемлекет болу. Мемлекет болып іс атқару оңай емес. Біздің қазақ іс атқаратын азаматқа жұтап отырған болса, біздің жалпы қазақ қараңғы болса, Түркістан халқының қараңғылығы һәм шебер адамының жоқтығы бізден он есе артық. Қазақ Түркістанмен бір автономия болса, автономия арбасына түйе мен есекті пар жеккен болады. Бұл арбаға мініп біз қайда барамыз». 3

Бөкейхановты Түркістан аймағында ескішілдік пен діни фанатизмнің басым болуы және халықтың дүмше молдалардың шылауында жүруі де ойландыратын.4 Осы себепті оның ойынша, Түркістан өкіметі мен Алашорда Өкіметінің бірлесуі екі соқырдың қол ұстасып жолға шығуы деген сөз еді.5 Бөкейханов, сондай-ақ, Түркістан мен Алашорда өкіметтері бірлесе қалған жағдайда, биліктің ескішіл күштердің қолына өтуінен сескенетін.6 Өйткені, Ташкенге барып, жұмыстарына қатыса алмаса да, Түркістан Комитетінің бір мүшесі ретінде Ташкенттегі ескішілдердің Шоқай жетекшілігінде саяси ұйым, Ұлттық Орталықтың саяси іс-қимылдарына кедергі келтіруге дейін барған, әсіре діни фанатизмдері туралы құлағдар еді. Қазан айында Семейде сөйлеген сөзінде Бөкейханов ескішілдердің діни фанатизмдерін тілге тиек етіп, олардың Ташкент қалалық басқарма мәжілісінде оба ауруының Алланың ісі екендігін айтып, оған қарсы шаралар қолдануды күнә санап, қарсы шыққандықтарын айтты.7 Сондықтан Бөкейханов, Дулатовтың Кеңес дәуірінде ОГПУ-ге берген жауабында да айтқанындай, Түркістанда ескішілдердің діни фанатизмі саяси жұмыстарды ойдағыдай жүргізуге кедергі болады деген пікірде еді.8

Алайда Түркістан үкіметінің жұмыстары, Алашорда жетекшілерінің өзбек және қазақ халықтарының саяси ынтымақтасуының алдында тұрған ең маңызды кедергі ретінде бағалаған ескішілдердің саяси саланы бақылайтындықтары жайындағы алаңдаушылықтың орынсыз екенін көрсетіп берді. Өміршең мәселелерде халықтың саналы қимыл жасап, ескішілдерге қарсы жаңашыл қайраткерлерді қолдайтыны байқалды. Сонымен, Түркістан үкіметі толықтай жаңашылдардың қолында болды. Тіпті үкіметтің басында қазақ болуларына қарамастан, алдымен М.Тынышбаев және кейіннен Шоқай сынды білімді саясаткерлер тұрды. Мұның өзі Түркістанда көпшілікті құраған әсіре діншілдердің үкіметте әсерлі бола алмайтындарын көрсетіп берді.

Бөкейхановтың түркістандықтармен одақтасуға қарсы қатаң көзқарастарының жұмсарғаны Сырдария қазақтарының құрылтайында белгілі бола бастады. Өздеріңізге белгілі, Сырдария қазақтарының Түркістаннан бөлініп, Қазақ өкіметіне қосылу туралы бір шешім қабылдауы үшін шақырылған сол құрылтай, жиналу мақсатына қарама-қайшы бір шешім қабылдап, Қазақ өкіметі мен Түркістан өкіметі арасында ынтымақтастықтың алғашқы қадамына түрткі болды. Құрылтайдың қарарларының бірінде «Алашорда өз алдына автономия жариялап болып Түркістан автономиясымен одақ болса, Сырдария қазақ-қырғыздары Түркістан автономиясынан шығып, Алаш автономиясына кіруге шешім қабылдайды», – деп атап өтілді. 9

Қазақ автономиясының жариялануынан кейін Түркістан үкіметімен бірігудің тілге тиек етілуі бізге осы одақтың күн тәртібіне енгенін көрсетеді.

Бірақ қаңтар айында пайда болған оқиғалар, бұл мәселенің өкіметаралық кездесулерде талқыланып, одан әрі дамытылуына мүмкіндік бермеді. 18 қаңтар күні большевик күштерінің Орынборды басып алуымен бірге Бөкейханов басшылығындағы Алашорда өкіметі тарап кетті.10 Айдың соңында Түркістан өкіметі де большевиктер тарапынан біржола тарқатылды. Сонымен, большевиктер Алашорда мен Түркістан өкіметтері арасында басталғалы тұрған ынтымақтастықтың іске асуына мүмкіндік бермеді.

Алайда бұл жағдай Алаш көсемдері мен Түркістан Автономиясы жетекшілерінің бір-бірімен тізе қоса жұмыс істеулеріне кедергілік келтіре алмады. Түркістан Үкіметі құлағаннаннан кейін қиын-қыстау күндерді басынан кешірген Мұстафа Шоқай Қоқаннан Ташкенге, ол арадан Орынборға өтіп Алаш Орда жетекшілерімен бас қосты.

Олар ұлттық әрекеттің бұдан кейінгі бағытын белгілеу үшін 1918 жылдың 30 тамызы мен 7 қыркүйегі арасында Орынбор және Самара қалаларында бірқатар жиналыстар өткізілді. Бұл жиналыстарға Шоқайдан басқа Алаш көсемдерінен Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулат және М.Тынышбаев қатысты. Сонымен қатар Қоқан өкіметі мүшелерінен Убейдуллах Хожа да осы жиналыстарға қатысушылардың арасында болды. Сонымен, Алашорда, Түркістан және Башқұрт Өкіметтерінің өкілетті қайраткерлерінің басы осы жиналыстарда қосылды. Жиналыстардың қорытындысында бұл үш өкіметтің «Оңтүстік-Шығыс автономиялық Мұсылман Өлкелері Одағы»11 деген атпен бір федерация болу және қазақ және башқұрт әскерлерін бір армияға топтастыру туралы шешім қабылданды. Уәлиди жиналыстарда федерация жоспарының жан-жақты талқыланғанын айтады. Аталған федерация жоспары шамамен қазіргі Башқұртстан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түркіменстанды қамтитын 4.010.139 шаршы километрлік бір кеңістікті және 1917 жылғы есеп бойынша ұзын саны 15.673.680 адам және мұның 82 пайызын мұсылмандар құрайтын халықты қамтыды.12

Сонымен, 5 қаңтар күні Түркістан қаласында Сырдария қазақтары құрылтайында алғашқы қадамы басылған Алашорда мен Түркістан автономияларының одағын құру жолындағы жұмыстар сегіз айлық үзілістен кейін Орынборда Башқұрт өкіметін де қосылып, кең түрде жалғастырылды. Өйткені айдай анық боп ортаға шығып отырған бір шындық бар еді. Ол большевиктердің Ресейдің түркі тілдес халықтарына өзін-өзі басқару құқын ешқашан бермейтіндігі еді. Мұны тек білектің күші найзаның ұшымен большевиктермен соғыса отырып қана алу мүмкін еді. Ал бұл үшін болса, күш біріктіру қажет еді. Мұның жолы Орта Азияның түркі тілдес халықтарының бір федерация төңірегінде одақтасуы еді.

1918 жылдың қыркүйек айында Алашорда, Түркістан және Башқұрт өкіметтері басшыларының жиналысында белгіленген осы стратегия кейіннен Шоқайдың Европада большевиктерге қарсы жүргізетін идеялық күресінің негізін құрады.

Осы федерация туралы қызық бір кездесуді орайы келгенде атап өткен жөн. Ол кездесу Шоқай, Бөкейханов, Уәлиди және Тынышбаев түрік ұлтшылдығының идеялық негіздерін салушы Юсуф Акшора арасында 1918 жылы Уфа қаласында болған еді. Ол кезде Акшора Түркияның Қызылай ұйымы атынан І дүниежүзілік соғыста орыстарға тұтқынға түскен түрік әскерлері мен офицерлерінің Түркияға қайтарылуы13 мәселесіне байланысты Ресейде ресми сапарда жүрген еді. Акшора Уфадағы ескі досы Мүпти Ғалимжан Барудидың қонағы ретінде Ресей Мұсылмандарының Дін Істері Басқармасы болып саналатын Мұсылман Рухани Мәжілісінің ғимаратында тұрып жатқан еді. Сол ғимаратқа барған делегация Оңтүстік-Шығыс автономиялық Мұсылман Өлкелер Одағы туралы оған мәлімет берді. Сонымен қатар француз тілін білетіндігіне байланысты онан болашақ федерациялық мұсылман ұлттық өкіметінің Сыртқы Істер министрі қызметін қабылдауын өтінді.

Бірақ, 1918 жылғы 12 қыркүйекте өткен кездесуде Акшора өзіне айтылған федерация пікіріне мән бермеді.14 Түркия азаматы болуына байланысты Ресей ішіндегі қандай да бір саяси қозғалысқа белсене араласуының мүмкін еместігін алға тартып, өзіне ұсынылған қызметтен бас тартты.15 Сонымен қатар Акшора одақ атын «Шығыс Түріктерінің Федерациясы» деп атаудың дұрысырақ болатындығын көрсетті. Бөкейханов орыстардың бұл одаққа бойлары үйренгенге дейін, оған пантүркизм таңбасы басылуына себеп болатын атаулардан бойды аулақ ұстаудың қажет екенін, бірақ уақыт өте келе ол аттың да қабылданатындығын айтты.16 Сонымен, Шоқай мен серіктерінің Уфадағы Түркістан Федерациясы туралы пікірлеріне қолдау іздеу жұмыстары табыссыз аяқталды.

Түркістан Одағы пікірі – Алаш көсемдерінің халықаралық жағдайды көріп байқағаннан кейін геостратегиялық жағдайға байланысты ұтымды пікірі. Ол кейін Шоқайдың күресінің белді пікірлерінің бірі болды. Бұл шынайы қажеттіліктен туындамаған жағдайда арада 80 жылдай уақыт өткеннен кейін тәуелсіз Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев оны Орталық Азия Одағы ретінде қайта жаңғыртпас еді. Оның тек Қазақстан үшін ғана емес, аймақтағы өзге елдер үшін де қандай қажет екенін Елбасы Назарбаев 2005 жылы ақпан айындағы жолдауында нақты түрде ортаға салған еді.

Алаш қозғалысы қай жылдарды қамтиды? Егер бұл сұраққа Мұстафа Шоқайды қоспай жауап қайтарар болсақ, ол 1913-1918 жылдарды қамтиды. Оның «Қазақ» газетімен тығыз байланысты екенін айтсақ қате болмас. Өйткені Алаш көсемдері сол журнал маңайында 1913 жиналып, халықтың басын қосты. Кейін бұл басқосу Алаш Партиясы мен Алаш Орда үкіметін дүниеге келтірді. Ал большевиктердің қысымымен 1918 жылы партия, үкімет және газет тарқап кетеді. Демек Алаш қозғалысы Шоқайды қоспай айтсақ бес жылдық бір мерзімді ғана қамтиды.

Біз Алаш қозғалысы 1913-1918 жылдар арасын ғана қамтиды деген пікірмен келіспейміз. Біздің ойымызша ол қозғалыс Қазақстанда Алаш партиясы, үкіметі және баспасөз органы Қазақ газеті тұншықтырылғаннан кейін, Шоқайдың қайраткерлігінде шетелдерде, атап айтқанда Еуропада жалғасты. Міне сондықтан біз оның мерзімін 1913-1939 жылдар арасы деп айтамыз. Демек ол 5 жылдық қозғалыс емес, 26 жылдық қозғалыс. Біз бұл жерде қозғалыстың мерзімін Шоқай қайтыс болған 1941 жылға дейін апарудың да дұрыс еместігін айта кетпекпіз. Өйткені Шоқай 1939 жылы Гитлер ІІ Дүниежүзілік соғыс отын тұтатып кеткен кезде өзінің саяси іс-қимылдарын жалғастырудан қалады. Яш Түркістан тоқтады. Өзі 1941 жылы мамыр айында немістерге тұтқынға түсіп, саяси іс-қимылдардан қалды.

Бұл жерде атап өтерлік жәйт, Алаш қозғалысының бастапқы баспасөз органы «Қазақ» газеті болса, ол өмірін тоқтатқаннан кейінгі екінші баспасөз органын «Яш Түркістан» деп атап көрсеткен дұрыс. Ол өздеріңізге белгілі 1929-1939 жылдары арасында 10 жыл, 117 саны жарияланды.17

Енді бұл жерде Ыстамбұлда 1927-1931 жылдары арасында жарық көрген «Йені Түркістан» журналы қайда деген сұрақ тууы мүмкін. Бұл да орынды сұрақ. Бұл журналдың бағыты, Яш Түркістанға ұқсайды. Сондықтан оны осы орайда атауға болады. Бірақ ол журналда Шоқайдың мақалалары басылып шығып тұрғанмен, Шоқайдың ондағы рөлі шектеулі болды. Ол негізінен Зәки Уәлиди басым болды. Шоқайдың сол журнал шығып тұрғанның өзінде 1929 жылы одан бөлек Яш Түркістанды шығара бастауы оның Йені Түркістанға көңілінің толмағанын көрсетсе керек.18 Сондықтан оны дара Алаш қозғалысының басылымы деп айту қиын.

Енді Алаш жетекшілері мен Шоқай арасында елеулі көзқарас айырмашылықтарынан болған автономия және тәуелсіздік мәселесіне тоқтала кетейік. Кезінде Алаш жетекшілерінің автономияны, Шоқайдың тәуелсіздікті жақтағаны дұрыс. Бірақ Шоқайдың да бастапқыда автономияшыл болғанын ескерген жөн. Ол Еуропада алғашқы жылдары орыс демократтарымен тізе қоса отырып Ресей Федерациясы құрамында автономиялық ұлттық саяси құқықтар үшін күрес жүргізді. Тіпті бұл үшін сан рет жолдасы Зәки Уәлидидің ащы сынына душар болды. Кейінгі тәжірибелер автономиялық құқықтармен ел мүддесінің көсегесінің көгермейтінін байқатты да, Шоқай 1927 жылдан бастап тәуелсіздік идеясын ту етіп көтере бастады. Демек Шоқайдың тәуелсіздік идеясы, Алаш Орда жетекшілерінің автономия пікірінен алшақтығы емес, қайта оның бастан өткен тәжірибелер негізінде дамытқаны болып отыр.

Қорыта айтар болсақ, Мұстафа Шоқайға Алаш қозғалысының соңғы жетекшісі деп айтуға болады. Ол өзінің саяси ұстаздары, Алаш қозғалысының құрылтайшы жетекшілері большевиктердің қысымына тап болып түрмелерге қамалып, кейін атылып кеткеннен соң, Алаш туын шетелдерде көтерді. Сонымен қатар Түркістан автономиясына да Алаш қозғаласының бір тармағы деп қарау керек. Өйткені Ташкент және Қоқандағы саяси іс-қимылдарға Шоқай өзінің жеке инициативасымен емес, қайта Бөкейхановтардың нұсқауы бойынша араласып атсалысты. Өйткені ол кезде қазақтар Түркістан деп атаған әкімшілік аймақтағы облыстарда қазақтардың жарымынан астамы өмір сүретін. Демек бұл қазақтардың құқығын қорғау да, әрине, Алаш мұраты. Сонымен қатар Алаш қозғаласы мүшелерінің бұл саяси құрылымда басты рөл атқарғандығын да ескергеніміз жөн. Оның бірінші президенті Мұхаметжан Тынышбаев белгілі Алаш қайраткері. Ал кейін оның орнына сайланған екінші және соңғы президенті Алаш қайраткері Мұстафа Шоқай. Міне осындай жағдайда Түркістан автономиясын қалайша Алаш қозғалысынан тәуелсіз, бөлек әрекет деп айта аламыз?

Бәлкім оны Алаш Орда үкіметінен тәуелсіз саяси құрылым деп бағалауымыз мүмкін. Олай болса, Алаш қозғалысының ауқымы Алаш Орда үкіметінен әлдеқайда кең және ауқымды. Сонымен оның екі саяси құрылымы бар деп айта аламыз. Атап айтқанда біреуі Алаш Орда үкіметі болса, екіншісі Түркістан үкіметі. Мәселеге осылайша қараудан ұтылатын жеріміз жоқ, қайта ұтарымыз көп. Бұл жағдай қазақ саяси ой және философия тарихының ауқымын кеңейтіп, тереңдете түседі. Мұстафа Шоқайсыз, Түркістан Автономиясынсыз Алаш қозғалысының тарихы жарты кеш болып қалады. Оның мәні толық ашылмайды. Сондықтан Мұстафа Шоқайдың іс-қимылдарына Алаш қозғалысының заңды жалғасы, тіпті соңғы түйіні, эволюциясы деп қараған жөн.


Миллетке бек зор үміт – шәкірт халқы.

Сұлтанмахмұт Торайғыров


1 Шоқайдың Қазақстанда “халық жауынан” халық батырына көтерілу процесі үшін қараңыз. Қара Ә. Мұстафа Шоқай Өмірі Күресі Шығармашылығы. Алматы, 2004, 220-255- бет.

2 Біз бұл байланыстарды өзіміздің Мұстафа Шоқай өмірі, күресі, шығармашылығы атты еңбегімізде “Қоқан және Алашорда үкіметтері арасындағы байланыстар” атты арнаулы тарауда жан жақты тоқталған болатынбыз. Сонда, 85 – 94- бет.

3 Қойгелдиев М. “Алаш қозғалысы”. Алматы: Санат, 1995, 339-340 бет.

4 Хайит Б. “Türkistan Rusya ve Çin Arasında”. Ыстамбұл, 1975, 254-бет.

5 Қойгелдиев М. “Алаш қозғалысы”. Алматы: Санат, 1995, 340-бет.

6 Сонда, 263- б.

7 Нүрпейісов К. “Алаш һәм Алашорда”. Алматы: Ататек, 1995, 151-бет.

8 Қойгелдиев М. “Алаш қозғалысы”. Алматы: Санат, 1995, 340-бет.

9 Қойгелдиев М. “Алаш қозғалысы”. Алматы: Санат, 1995, 347-348-бет; Сары арқа, 1918, № 31

10 Алашорда өкіметі мүшелерінің бір бөлігі Семейге өтіп, Алашорданың шығыс бөлігін құрды. Енді бір бөлігі болса, Орал облысындағы Жымпиты қаласына орналасып, Алашорданың батыс бөлімін құрды. Бұл туралы көбірек мәлімет үшін қараңыз: Нүрпейісов К. “Алаш һәм Алашорда”. Алматы: Ататек, 1995, 159-160-бет.

11 Бұл одақтың атын Уәлиди әртүрлі береді: Оңтүстік-Шығыс Мұсылман Өлкелері Федерациясы, Шығыс Ресей Мұсылмандар Федерациясы, Шығыс Ресей автономиялық Мұсылман Өлкелері Одағы және Түркістан Федерациясы. Бұл туралы қараңыз: Тоған З. У. “Türkili ve Türkistan’ın Yakın Tarihi”. Істамбұл, 1975, 370-371-бет.

12 Сонда, 370-бет. Тоган бұл федерация жоспарынан бір картаны ғана шетелге алып кете шығады. Бұл карта үшін қараңыз: Сонда, 371-бет.

13 Ресейдегі тұтқын түрік әскерлері мен офицерлерінің қайтарылуы мәселесі жөнінде көбірек мәлімет үшін қараңыз: Гүвен Е. “I. Dünya Savaşında Rusyadaki Türk Esirleri ve Rusya Türkleri”. Жарияланбаған мастерлик диссертация. Мармара Ұниверситеті Түркият Институты, Істамбұл, 1996; Қарақартал О. Dünya Savaşı Sonunda Sibirya’daki Esir Türk Askerleri Sorunu ve Türk Dünyası Gazetesi. “Sibirya Araştırmaları” Дайындаған. Амине Гүрсой-Наскали. Істамбұл, 1997, 317-322-бет.

14 Шоқай М. Юсұф Акчұра. “Яш Түркістан”. Көкек 1935, Но 65, 11-бет.

15 Тоған З. У. “Hatıralar Türkistan ve Diğer Müslüman Doğu Türklerinin Milli Varlık ve Kültür Mücadeleleri”. Істамбұл, 1969, 230-231-бет; Тоған З. У. “Türkili ve Türkistan’ın Yakın Tarihi”. Істамбұл, 1975, 370-бет; Шоқай М. Юсұф Акчұра. “Яш Түркістан”. Көкек 1935, Но 65, 11-бет.

16 Тоған З. У. “Hatıralar Türkistan ve Diğer Müslüman Doğu Türklerinin Milli Varlık ve Kültür Mücadeleleri”. Істамбұл, 1969, 231-бет.

17 Яш Түркістан туралы көбірек мәлімет үшін қараңыз: Қара Ә. Мұстафа Шоқай Өмірі Күресі Шығармашылығы. Алматы, 2004, 263-273- бет.

18 Йені Түркістан журналы үшін көбірек мәлімет үшін қараңыз: Сонда, 261 – 263- бет.

Добавить документ в свой блог или на сайт


Похожие:

Алаш қОЗҒалысының соңҒы түйіні – МҰстафа шоқАЙ iconАлаш қОЗҒалысының соңҒы түйіні – МҰстафа шоқАЙ
Алаш қозғалысының тарихы көбінесе Алаш Орда үкіметінің тарқауымен байланыстырылып 1918 жылға дейін келіп аяқтатылады. Алайда бұл...

Алаш қОЗҒалысының соңҒы түйіні – МҰстафа шоқАЙ iconИмам Мухйиддин ан-Науауи
Барлық мақтау Өзінен басқа сыйынуға лайықты Құдай болмаған, Аллаһ Тағалаға ғана тән! Соңғы Пайғамбар Мухаммадқа, оның жанұясы мен...

Алаш қОЗҒалысының соңҒы түйіні – МҰстафа шоқАЙ iconТотығу- тотықсыздану реакциялары
Ктрондық баланс әдіс, бастапқы және соңғы заттардың тотығу дәрежелерін салыстыруға негізделген және жартылау реакция әдісі, тотықсыздандырғышты...

Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©lib3.podelise.ru 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Лекции
Доклады
Справочники
Сценарии
Рефераты
Курсовые работы
Программы
Методички
Документы

опубликовать

Документы