Имам Мухйиддин ан-Науауи icon

Имам Мухйиддин ан-Науауи




НазваниеИмам Мухйиддин ан-Науауи
страница1/82
Дата30.01.2013
Размер9.8 Mb.
ТипДокументы
источник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82

Х
адистер жинағы


имам Мухйиддин ан-Науауи


Қамқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!


Барлық мақтау Өзінен басқа сыйынуға лайықты Құдай болмаған, Аллаһ Тағалаға ғана тән! Соңғы Пайғамбар Мухаммадқа, оның жанұясы мен туған туысқандарына және оның сахабаларына, Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын!


Имам ан-Науауидің «Тақуалардың бақтары» (арабша, «Рийад ас-салихин») атты хадистер жинағы, мұсылмандар арасында көп танымал, әрі сүйікті кітап болып табылады. Бұның таң қаларлық ештеңесі жоқ. Өйткені, біріншіден бұл кітап, Ислам әлемінде Құраннан кейін екінші орында тұратын Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүннеті жайлы болса, екіншіден бұл кітапты жазған адам, мұсылмандар арасында абыройымен және тақуалығымен сүйіктісі болған, өзінің өмірін Исламға қызмет етуге арнаған ғалым болып тұр.

Бұл кітаптың мәнділігін айтсақ, Пайғамбар Мухаммадтың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Сүннетінің мәнін айтқан боламыз. Хадистерден құралатын Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүннетінен аз болса да хабардар болмай, Ислам дінін және осы діндегі адамдарды түсіну мүмкін емес. Сонымен мұсылмандар үшін Сүннетті білу, міндет болып табылады.


Ал енді осы кітап жайлы ан-Науауидің өзі былай деген:

Бұл кітапты жазғанда, мен тек сенімді және белгілі мұхаддистердің шығармаларынан алынған хадистердің жиынтығын жасағым келді. Ал ол хадистердің мән-мағынасы оқырманды, мәңгілік өмірдің рахатына жетелейтін, сондай-ақ оған дінді жан дүниесімен ұстана алатын жолды көрсететін, сондай-ақ адамға қорқыныш пен үміт ұялататын, сондай-ақ адамның жанын пәктік пен көркем мінезділікке тәрбиелейтін, сондай-ақ адамның жүрегін кеселдерден емдеп, бүкіл қисықтықты түзететін және де білім іздеушінің басқа да талпынатын нәрселері туралы болса деп қаладым.

Егер бұл кітап, жазылып бітсе, Онда бұны дұрыс көңіл бөліп оқыған әр адамды, бұл кітап игілікке жетелейді және оны барлық пасықтық пен жамандықтан ұстайды, ал мен осы кітапты оқып өзіне пайда алған әр-бір мұсылман бауырымнан, Аллаһтан мен үшін, менің ата-анам үшін, менің ұстаздарым үшін, басқа да өзіміз жақсы көретін адамдар үшін, сондай-ақ бүкіл мұсылмандар үшін Аллаһтан (Оның жәннәтін) сұрап (және Оның тозағынан құтқаруын сұрап) дұға етуін өтінемін. Жомарт Аллаһқа артынамын және оған өзімнің ісімді тапсырамын, маған Аллаһ жеткілікті, ол Керемет Қамқоршы және Ұлы Аллаһ Тағаланың күш-қуатына жететін ешқандай күш-қуат жоқ!


Құрметті оқырман! Сіздің қолыңыздағы кітапша, сол ан-Науауидің «Рийад ас-салихин» кітабінің, орыс тіліне Владимир Абдуллаһ НИРША аударған «Сады праведных» кітабінан, қазақ тіліне аударылған нұсқасы. Кітаптағы Құран аяттарының аудармасында, Халифа Алтайдың Құранды арабшадан қазақшаға аударған «Құран Кәрим қазақша мағына және түсінігі», атты еңбегі қолданылды. Осы ктапты кез-келген түрде басып шығаруға, көбейтуге, материалдарын қолдануға, сатуға, тегін таратуға толығымен рұқсат беріледі.

Құдіретті Ұлы Аллаһ Тағаладан, Оның көркем есімдерімен және Оның ұлы сипаттарымен бұл еңбегімізді тек Оның жолына ғана арналуын және осы кітапты оқыған немесе жарық көруіне себепші болған кісілерге, бұл кітаптың осы дүниеде де, мәңгілік дүниеде де пайдалы болуын сұраймыз.

Пайғамбарға Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын. Аллаһқа сансыз мақтаулар!


«Науан Хазрет» атындағы орталық мешіт, Көкшетау қаласы.


Камқор, Мейірімді Аллаһтың атымен!

1 ТАРАУ

Құпия болсын, жария болсын - әрдайым және кез келген уақытта, барлық амалында және сөзінде адал (ықыласты) болу және ізгі ниетті ұстану жайлы.


Аллаһ Тағала айтты:

«Олар; ғибадатты, нағыз Аллаһқа шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы тұп-тура дін» «Бәййіна» сүресі, 5 аят.

^ Аллаһ Тағала айтты:

«Ешқашан құрбанның еттері, қандары Аллаһқа үлгермейді (жетпейді) Бірақ сендердің тақуалықтарың үлгереді (жетеді).» «Хажж» сүресі, 37 аят.

^ Аллаһ Тағала айтты:

«(Мухаммад,) оларға: "Көңілдеріңде бір нәрсені жасырсаңдар Аллаһ оны біледі. Әрі Аллаһтың барлық нәрсеге толық күші жетуші", - де» «Аль-Имран» сүресі, 29 аят


^ 1. Хабар бойынша, діндарлардың басшысы (халифа) Омар бин аль Хаттаб1 оған АллаҺтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Шын мәнінде, әр амалдың ниетімен байланысы бар, шындығында адамға бұйыратыны, (сол амалдан) тек қана қалаған ниеті. Егер адамның көші2 Аллаһ және Аллаһтың елшісі үшін болса, онда ол Аллаһқа және Аллаһтың елшісіне көшеді, ал оның қалағаны дүние рахаты не болмаса бір әйелге үйлену мақсатында болса, онда сол көштің мақсатына көшеді. аль-Бухари, Муслим


^ 2. Хабар бойынша, мұсылмандардың анасы, Умм Абдаллаһ Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

(Бірде) Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: "Қағбаға қарай жасақ аттанады, олар жердің шөлді жеріне жеткенде, жер оларды біріншісінен соңғысына дейін (бәрін) жұтады". Мен: "Я Аллаһтың елшісі, қалайша жер олардың бәрін жұтады, олардың арасында, жәй оларға қатысы жоқ адамдар да болады емес пе?”, - деп сұрадым. Ол: "Олар біріншісінен соңғысына дейін (бәрі) жұтылады, ал сосын қайта тірілгенде, оларға ниеттеріне қарай тиістісі беріледі”, - деді. Аль-Бухари, Муслим.


^ 3. Хабар бойынша, Айша, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: "Жеңістен3 кейін көшудің (хижраның) керегі жоқ, бірақ ізгі ниет және Жихадқа4 қатысудың міндеті тоқтаған жоқ, егер сендерді (оған) шақырса, онда оған асығыңдар." Аль-Бухари, Муслим.

Бұл дегеніміз, Мекке төңірегі Ислам тараған мекен болғандықтан, одан көшудің қажеттілігі тоқтаған.


^ 4. Хабар бойынша, Абу Абдаллаһ Жабір бин Абдаллаһ аль-Ансари, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, бірге қатысқан бір жорықта, ол былай деді: “Шын мәнінде, сендер қай жолмен жүрсеңдер де, қандай қырдан ассаңдар да, Мединалықтардың арасында ауырып жорыққа шыға алмағандар, бәрібір сендермен бірге болды.

^ Бұл хадистің басқа хабарында оның былай деп айтқаны келтіріледі:

"...әрдайым сендермен бірге сауабты бөлісіп отырды". Муслим.

Аль-Бухаридің Анастан, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, жеткізген хабарында, оның былай деп айтқаны келтіріледі:

Біз Пайғамбармен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, Табук соғысынан қайтып келе жатқанымызда, былай деді: "Шындығында, біздің артымызда, Мединада орынды себептермен қалған адамдар бар, бірақта олар біз қайсы бір таулы жолмен жүрсек те, қай бір қырдан ассақ та олар бізбен бірге болды1.


^ 5. Хабар бойынша, өзінің әкесі және атасы өзі сияқты сахаба болған, Абу Йазид Маън бин Йазид бин аль-Ахнас, олардың бәріне Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Бірде менің әкем Йазид, садақа тарату ниетімен, қалтасынан бірнеше динар алып, мешіттің қасындағы адамның (ол оны мұқтаждарға берсін, деп) жанына қойып кетті. Сосын ол жерге мен келдім де, ол ақшаны алып2 әкеме әкеліп бердім. Ол: "Аллаһтың атымен ант етемін, мен ол ақшаны саған беру үшін қойған жоқпын!", - деді. Бұдан кейін мен Аллаһтың елшісіне, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, келіп, біздің дауымызға төреші болуын сұрадым. Ол: "Я Йазид, - саған сенің тапқың келген ниетің, ал саған – сенің алғаның, я Маън”, - деді. Аль-Бухари.


^ 6. Хабар бойынша, жәннәт жайлы қуанышты хабар естіген онның бірі, оларға Аллаһтың ризашылығы болсын, Абу Исхақ бин Абу Ваккас Малик бин Ухайб бин Абд Манаф Ибн Зухра бин Қиляб бин Мурра бин Қаъб бин Лууайй аль-Кураши аз-Зухри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

"Қоштасу қажылығы болған жылы, мен қатты ауырып, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, маған көңіл айтып келгенде, мен одан: “Шындығында, мені мына аурудың қандай жағадайға жеткізгенін, сен көріп тұрсың! Мен баймын, менің қызымнан басқа еш мұрагерлерім жоқ, сондықтан мен байлығымның үштен екі бөлігін кедейлерге таратсам болады ма?”, - деп сұрадым. Ол: “Жоқ”, - деді. Мен: “Ал жартысын ше, я Аллаһтың елшісі?”, - дедім. Ол: “Жоқ”, - деді. Мен: “Үштен бірін ше?”, –деп сұрадым. Ол: “Үштен бірін, бірақ үштен бірі де көп болады, шындығында, саған мұргерлеріңді дүниесіз, адамдарға мұқтаж етіп қалдырғаныңнан, оларды бай етіп қалдырғаның жақсы. Шындығында, сен Аллаһ жолында жаратқаныңның барлығы үшін сауаб табасың, керек десең, әйеліңнің аузына салған асың үшін де сауаб бар”, - деді. Сонда мен: “Я Аллаһтың елшісі, мені менің жолдастарым осы жерден кеткеннен кейін мұнда қалдырады ма?”1, – деп, сұрадым. Ол: “Сені бұл жерде ешқашан қалдырмайды. Сен қайбір сауабты амал жасасаң, ол сені әлбетте жоғарылатады. Бәлкім сен арқылы біреу жақсылық табу үшін және сен арқылы біреу соққы алу үшін, әлі көп өмір сүресің2. Иә Аллаһ, менің сахабаларымның көшін аяқта3 және оларды шегінуге мұқтаж еткізбе! Иә бейшара, Саъд бин Хауля!", - деп, Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, ол адамның Меккеде өлгеніне өкініштерін білдіріп жатты. Аль-Бухари, Муслим.


^ 7. Хабар бойынша, Абу Хурайра Абд Ар-Рахман бин Сахр, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Шындығында, Аллаһ Тағала сендердің денелеріңе, не сырт көріністеріңе қарамайды, бірақ Ол сендердің жүректеріңе қарайды. Муслим.


^ 8. Хабар бойынша, Абу Муса Абдуллаһ бин Каис аль-Ашъари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол былай деді:

Бірде Аллаһтың елшісінен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: “мыналардың қайсысы Аллаһтың жолымен жүрген болады: оның батырлығы жайлы айтуы үшін шайқасушы ма, әлде ашу-ыза ықпалымен шайқасушы ма, не болмаса көрер көзге шайқасушы ма?”, - деп сұрады. Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп жауап берді: "Кім Аллаһтың сөзі жоғары болу үшін шайқасса, сол Аллаһтың жолында соғысқан болады." Аль-Бухари, Муслим.


^ 9. Хабар бойынша, Абу Бакр Нуфайъ бин аль-Харис ас-Сакафи, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Бірде Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: "Егер екі мұсылман қылыштарын айқастырып соғысса, онда өлген де, өлтірген де тозақта болады". Мен: "(Тозаққа) өлтірген түссе әділ болады, ал өлген неліктен түседі?!", - деп сұрадым. Ол: "Өлген де өзінің жолдасын өлтірмекші болған жоқ па", - деп жауап берді. Аль-Бухари, Муслим.


^ 10. Хабар бойынша, Абу Хурайра Абд Ар-Рахман бин Сахр, оған Алллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Адамның жамағатпен оқыған намазы, үйінде, не базарда оқыған намазынан жиырма дәреже жоғары. Өйткені мұсылмандардың кез келгені, дұрыстап дәрет алса, ал одан кейін мешітке тек қана намаз оқу ниетімен ғана, одан басқа ешбір ниетпен келмеген болса, онда ол мешітке кіргенге дейінгі әр қадамы үшін міндетті түрде бір дәреже көтеріледі және одан кішігірім бір күнәдан түсіп отырады. Ол мешітке кіргеннен кейін, егер де ол онда тек қана намаз үшін қалса, онда ол сол жердегі болған барлық уақытында намаз үстінде болған есептеледі1, және періштелер, намаз орнында болған кез-келгенің үшін былай: "Иә Аллаһ оған рахым көрсет, иә Аллаһ, кешір оны, иә Аллаһ оның тәубесін қабыл ал!", - деп жалбарынады және бұл жағдай, ол үшін, сол жерде ешкімді ренжітпегенше және дәреті бұзлмағанша жалғасады. Аль-Бухари, Муслим.


^ 11. Хабар бойынша, АбулАббас Абдуллаһ бин Аббас бин Абд аль-Мутталлиб, ол екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, өзінің Тәңірі Мәртебелі Аллаһ Тағаланың сөздерінен, былай деп айтқанын жеткізген:

Шындығында, Аллаһ Тағала жаман және жақсы амалдарды жазып, оны түсіндірді2: “Кімде-кім, бір жақсы амал орындамақшы болса (ниеттенсе), бірақ оны орындамаса (орындай алмаса), Мәртебелі Аллаһ Тағала Өзінде (ол адамға, сол амалды орындағанындай) толық бір амалдың сауабын жазады. Егер адам жақсы амалды орындамақшы болып, оны орындаса, Аллаһ Өзінде ол адам үшін, оннан жеті жүзге дейін, және одан да көп жақсы амалдың сауабын жазады. Егер адам бір жаман іс жасамақшы болып, бірақ оны жасамаса3, Аллаһ Өзінде ол адам үшін толық бір жақсы амалдың сауабын жазады. Егер адам бір жаман іс жасамақшы болып, оны орындаса, Аллаһ (ол адамға) бір күнә жазады." Аль-Бухари, Муслим.


^ 12. Хабар бойынша, Абу Абд ар-Рахман Абдуллаһ бин Умар бин аль-Хаттаб, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естіген:

Бір кездері сіздерге дейін өмір сүрген үш адам жолға шығып, түнемекке бір үнгірге тоқтайды. Олар сол үңгірге кіргенде таудан бір үлкен тас құлап, үңгірдің шығар тесігі жабылып қалады. Сонда олар: "Шындығында, бұл тастан бізді, Аллаһ Тағалаға жақсы амалдарымызды айтып, жалбарыну ғана құтқара алады4", - десті.

Одан кейін, олардың бірі былай деді: "Я Аллаһ, менің қартайған ата-аналарым болды, мен кешке оларға сүт бермейінше, не үй ішіндегілерге, не құлдарға сүт бермейтінмін. Бірде мен ағаштарды5 іздеп жүріп үйден алысқа кетіп қалыппын, ал сосын үйге қайтып келсем, олар ұйықтап жатыр екен. Мен сүт сауып болған соң, олардың ұйықтап жатқанын көріп, оларды оятқым келмеді, және де олардан бұрын үй іші мен құлдарға да сүт бергім келмеді. Сонымен мен таң атқанша олардың оянғанын қолымдағы ыдыспен күтіп тұрдым. Сол уақыт бойы аяғымның жанында балаларым қарындары ашып жылап жатты. Сосын менің ата-анам оянып өздерінің кешкілік ішетіндерін ішті. Иә Аллаһ, егер осының бәрін мен Сенің ризалығың үшін істеген болсам, бізді осы тастың кесірінен болған жайымыздан құтқар!" Осыдан кейін тас орнынан кішкене қозғалды, бірақ олардың өтуіне әлі де орын босамады.

Басқасы былай деді: "Иә Аллаһ, менің адамдардың ішінен бәрінен де артық жақсы көретін (ғашық болған) бөле қарындасым болды..."

^ Бұл хадистің басқа нұсқасында оның былай деп айтқаны хабарланады:

"...еркектер әйелдерді қалай жақсы көреді, мен де оны сондай қатты жақсы көретінмін және қалайтынмын, бірақ ол маған қарсылық көрсететін. Бұл жағдай құрғақшылық жылы келгенше болды. (Сол жылы) ол маған келген кезде, мен оған менің еркіме көнуі үшін, жүз жиырма динар бердім. Сонымен ол менің дегеніме көнетін болды; ал мен болсам онымен жақындасуға мүмкіншілік алдым..."

^ Бұл хадистің басқа нұсқасында оның былай деп айтқаны хабарланады:

"... мен оның екі аяғының ортасына отырғанымда, ол: "Аллаһтан қорық, хақысыз бұл пердені бұзба”, - деді. Сол кезде мен оны қанша бәрінен де артық сүйсем де, берген алтынымды қалдырып, оған тиіспей кетіп қалдым. Иә Аллаһ, егер мен осыны, сенің ризалығыңды табу үшін істеген болсам, онда бізді қазіргі душар болған жағдайымыздан құтқар!” Осыдан кейін тас тағы да орнынан кішкене қозғалды, бірақ әлі де олардың өтуіне орын босамады.

Үшіншісі былай деді: "Иә Аллаһ, шындығында, мен жұмыскерлерді жұмысқа жалдап, олардан өзі қалдырып кеткен біреуінен басқасының бәріне еңбек ақыларын төледім. Ал мен болсам алмағанның ақшасын пайдаланып оны көбейттім. Сосын күндердің күнінде ол маған келіп: "Иә Аллаһтың құлы, менің ақымды бер”, - деді. Сонда мен оған: "Сенің ақың мына көріп тұрған бүкіл түйе, сиыр, қой және құлдар”, - дедім. Ол болса: «Сен менімен қалжыңдама, иә Аллаһтың құлы!», - деді. Мен: «Мен саған қалжыңдап тұрған жоқпын», - дедім. Содан соң ол маған ешнәрсе қалдырмай, соның бәрін алып, айдап кетті. Иә Аллаһ, егер мен осыны, Сенің ризалығыңды табу үшін істеген болсам, онда бізді қазіргі душар болған жағдайымыздан құтқар!” Содан кейін тас, олар өте алатындай қашықтықта орнынан жылжып, олар сыртқа шығып кетті. Аль-Бухари, Муслим.


^ 2 ТАРАУ

Тәубе жайлы.


Ислам ғұламалары әр-бір жасалған күнәға тәубе келтіру керек, деген. Егерде жасалған күнә тек қана Аллаһ Тағаланың алдында ғана болып, ол күнәсінен басқа адамдар зардап шекпесе, онда тәубе мына үш жағдайды қанағаттандыруы керек:

біріншіден, адам ондай күнә жасаудан бас тартуы керек;

екіншіден, сол жасаған күнәсі үшін өкінуі керек;

үшіншіден, ондай күнәні ендігәрі қайталамауға бекем бел байлауы керек.

Егер тәубеге келуде, осы жоғарыда айтылған шарттардың бірі орындалмаса онда тәубе қабыл болмайды.

Егер жасалған күнәдан, басқа бір адам зардап шеккен болса, онда тәубеге келу, төртінші жағдайды қанағаттандыру керек.

Төртіншісі, ол зардап шеккен адамның алдында айыбын жууы. Күнә ұрланған, не болмаса тартып алынған және осыларға ұқсас түрде хақысыз алынғын ақша, не басқа да бағалы заттармен қатысы болса, онда ақысыз алынған дүние, зардап шеккен адамға қайтарылуы тиісті. Ал егер де жағдай жала жабу, не болмаса басқа, барлық Құранға және Сүннетке байланысты жазаға тартылуға тиісті күнәләр жайлы болса, онда айыпкер өзін, өз еркімен жазаға беруі керек, не болмаса зардап шеккен адамнан кешірім сұрауы керек. Ал егер күнә, біреудің артынан ғайбаттау жайлы болса, онда айыпкер сол адамнан, сондай сөздер айтуға рұқсат алуы тиісті1. Үлкен-кішісіне қарамай барлық жасалған күнә үшін таубе жасалуы керек. Егер адам жасалған күнәләрінің бір бөлігіне ғана тәубе келтірсе, онда Пайғамбарымыздың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сүннетімен жүрушілердің ойынша, қабыл деп есептелінеді2. Дегенмен ол күнәләрінің басқа қалған бөлігі үшін де тәубе келтіруі тиісті, неге десеңіз тәубеге келудің міндеттілігіне, Құран мен Сүннет және ғұламалардың ойы дәлел.


^ Аллаһ Тағала айтты:

«…Әй мүминдер, түгел Аллаһқа тәубе қылыңдар! Әрине құтыласыңдар.» «Нұр» сүресі, 31 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Раббыларыңнан жарылқау тілеңдер. Сонан соң оған тәубе етіңдер….» «Һұд» сүресі, 3 аят.

Аллаһ Тағала айтты:

«Әй мүминдер! Аллаһқа шынайы тәубе қылыңдар…» «Тахрим» сүресі, 8 аят.


^ 13. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Мен Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын естідім: "Аллаһтың атымен ант етемін, мен Аллаһтан күніне жетпістен астам рет кешірім сұраймын3 және тәубеге келемін" Аль-Бухари.


^ 14. Хабар бойынша, аль-Агарр бин Йасир аль-Музани, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: "Иә адамдар, Аллаһқа тәубе келтіріңдер және Одан кешірім сұраңдар, мен болсам, Аллаһқа күніне жүз рет тәубе келтіремін." Муслим.


^ 15. Хабар бойынша, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, қызметшісі Абу Хамза Анас бин Малик аль-Ансари, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

«Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: "Расында, Аллаһ, Өзінің құлының тәубесіне, сендердің, шөлде жоғалтқан түйесін кенеттен тапқан, кез келегеніңнен де артық қуанады"» Аль-Бухари, Муслим.

^ Муслимнің нұсқасында Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқаны хабарланады:

«Сендерден біреу, шөл далада мініп келе жатқан, үстіне бүкіл тамағы және суы бар түйесі жұлынып қашып кетіп, ол оны табуға үміті үзіліп, бір талдың көлеңкесіне келіп жатты. Сондай жағдайда жатқанда кенеттен, оның түйесі, жоғалтқан бүкіл азығымен жанынан табылады, сонда ол түйесінің жібінен ұстап: "Иә Аллаһ, Сен – менің құлымсың, ал мен – сенің Тәңіріңмін!", - деп қуанғанынан бүкілін қалай шатастырып алғанын білмей қалған құл, қалай қуанса, шындығында, Аллаһ Өзінің құлының тәубесіне одан да артық қуанады.»


^ 16. Хабар бойынша, Абу Муса Абдулла бин Кайс аль-Ашъри, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, ол Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Аллаһ Тағала, күндіз қай бір жамандық жасағанның тәубесін қабыл алу үшін, оған түнде Өзінің қолын созады. Ал түнде қай бір жамандық жасағанның тәубесін қабыл алу үшін, оған күндіз Өзінің қолын созады2. Және бұл, күн бататын жағынан шықпайынша жалғасады3 Муслим.


^ 17. Хабар бойынша, Абу Хурайра, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, былай деді:

«Аллаһтың елшісі, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: "Аллаһ, күн, бататын жағынан шыққанша тәубеге келіп үлгергеннің, тәубесін қабыл алады”. Муслим.


^ 18. Хабар бойынша, Абу абд ар-Рахман Абдуллаһ бин Омар бин аль-Хаттаб, олардың екеуіне де Аллаһтың ризашылығы болсын, Аллаһтың елшісінің, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деп айтқанын жеткізді:

Расында, Мәртебелі Аллаһ Тағала Өзінің құлының тәубесін, ол өлер алдындағы соңғы қырылы шыққанша қабылдайды. Бұл хадисті жеткізуші ат-Тирмизи бұны «Жақсы хадис», деген.


^ 19. Хабар бойынша, Зурр бин Хубайш былай деді:

«Бірде, мен аяқ киімге4 масих тарту жайлы сұрайын, деп Саффан бин Ассалға, оған Аллаһтың ризашылығы болсын, келдім. Ол: "Сені алып келген не, иә Зарр?" -, деп сұрады. Мен: "Білімге деген талпыныс" – дедім. Ол: "Шындығында, өздерінің ризашылығын білдіру үшін періштелер, білім іздегендерге сол іздегендері үшін, қанаттарын тигізеді!", - деді. Одан кейін мен: "Мені, үлкен дәрет пен кіші дәретті сындырғаннан кейінгі, масих тарту жайлы сұрақ, тыным бермей жүр, сен Пайғамбардың, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сахабаларының бірі болдың ғой, сондықтан мен сенен осы туралы бір нәрсе естідің бе, деп сұрағалы келдім?", - дедім. Ол: "Иә, егер біз сапарда болған болсақ, ол бізге, аяқ киімді үш күн ішінде тек қана жүніп1 болған жағдайда ғана шешу керектігін, ал қалған жағдайда, яғни үлкен және кіші дәрет сындырғанда және ұйқыдан кейін шешудің керегі жоқтығын2, айтқан", - деді. Одан кейін мен: "Сен оның сүйіспеншілік жайлы айтқанын естідің бе?", - деп сұрадым. Ол: «Иә, бірде біз Аллаһтың елшісімен, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, сапарда болғанда, оған бір бәдәуи келіп: "Иә Мухаммад!", - деп дауыстады. Аллаһтың елшісі де, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, оған қатты дауыспен: "Мен мұндамын", - деп жауап берді. Мен: "Аллаһ саған рахым етсін, сен Аллаһтың елшісінің алдында тұрған жоқсың ба, даусыңды бәсеңдет, саған олай сөйлеуге тыйым салынады", - дедім. Бірақ ол: "Аллаһтың атымен ант етемін, мен ақырын сөлемеймін!", - деді де, ол бәдәуи Пайғамбарға, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын, былай деді: "Адам бұл адамдарды жақсы көреді, бірақ әлі оларға қосылған жоқ3". Пайғамбар, оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын: "Қайта тірілетін күні ол адам, жақсы көрген адамдарымен бірге тіріледі", - деді».

^ Зурр бин Хубайш сөзін былай жалғастырды:

"Сосын ол сөзін, батыстағы енін аттылы қырық жыл, не жетпіс жыл шауып өтетін қақпалар жайлы айтқанша жалғастырды."

^ Бұл хадисті жеткізушілерінің бірі, Суфйан былай деді:

"Бұл қақпалар Шам бағытында (яғни батыста). Аллаһ Тағала оларды, көк пен жерді жаратқан кезде-ақ, тәубелерді қабыл алу үшін ашық қылап жаратқан, және олар сол жақтан (яғни батыстан) күн шықпайынша жабылмайды"». Ат-Тирмизи және басқа да мухаддистердің риуаяты бойынша. Ат-Тирмизи бұл хадисті «Жақсы әрі сенімді хадис», деген.

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   82



Разместите кнопку на своём сайте:
Документы


База данных защищена авторским правом ©lib3.podelise.ru 2000-2013
При копировании материала обязательно указание активной ссылки открытой для индексации.
обратиться к администрации
Лекции
Доклады
Справочники
Сценарии
Рефераты
Курсовые работы
Программы
Методички
Документы

опубликовать

Документы